ҚАРАГАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ «БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ» КМҚК

 

Тарихи-өлкетану мұрасын қорғау, ауданның материалдық және рухани мәдениетін сақтау, есепке алу, халық шығармашылығын дамыту және жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2003 жылы Қараганды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК ашылды. Жалпы көлемі – 176,3 кв.м., экспозициялық көлемі – 177 кв.м.

 

Мұражай экспозициясы ауданымыздың XVIII ғасырдан бастап қазіргі кезеңдегі тарихын көрнекі түрде көрсетеді. Мұражайға келушілер Бұқар жырау ауданы тарихына қол тигізіп, мәдени-көпшілік шараларға қатысады, үнемі толықтырылып отырылатын экспозиция және көрмені, сондай-ақ мерейтойлар мен тарихи күндерге арналған шағын-көрме қолдану арқылы шолу және тақырыптық экскурсияларға қатысады.