Медицина қызметкері күніне орай үлкен-кішінің денсаулығы үшін жауапты, адам өмірі үшін күресіп қиын сәтте әркез көмекке келуші ақ халатты абзал жандарға арналған көрме.

Ұйымдастырылған көрмеде аудан бойынша медицинаның тарихы және бүгінгі күні, алғашқы басшылары, медицина ардагерлері, еңбегі және іскерлігі үшін алған марапаттары ,сонымен қатар ұжымның спорттық және мәдени өмірінен өмірінен толық мағлұмат беріледі.