ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық құжаты бойынша Қарағанды облысының музейлері апталығына Бұқар жырау аудандык музейінің көрмесі.


Көрмеде ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан азаматтар, тарихи тұлғалар, ауданның құрметті азаматтары, ғалымдар, жазушылар туралы ақпарат берілді. Ауданымыздың қол өнер шеберлерінің қолдарынан шыққан зергерлік бұйымдар, музыкалық аспатар және сувенирлік бұйымдар, сонымен қатар музей қорынан қазақ жіне славян халықтарының тарихи-тұрмыстық заттары, нумизматика жиынтығы көрермен назарына ұсынылды. Көрме бойынша экскурсиялар жүргізілді. Көрмеде барлығы 200 ден астам экспонаттар қойылды.