Конституция күніне орай жылжымалы көрме Аудандық Мәдениет Үйінің фойесінде ұйымдастырылған.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы, құрылымы туралы мәлімет көрсетілген. Сондай-ақ елімізде Ата Заң мерекесі соңғы онжылдықта қалай тойланғаны туралы ақпарат және Ата Заң туралы дәйек сөздер келтірілген. Іс-шара мақсаты: көрмені көрушілерге Конституция ұғымы, тараулары, қабылдауы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсінік және патриоттық тәрбие беру.