Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл толуына орай аудандық Мәдениет Үйінің фойесінде аудандық деңгейде өткізілген іс-шараға аудандық музей көрме және экспозиция ұйымдастырды.

Ауған соғысының тарихын, А.Жуматаев пен С.Елгезеков туралы, аудан бойынша бейбіт өмір кезінде қайтыс болған интернационалист-жауынгерлер (16 адам) туралы ақпарат берілді. Көрмені интернационалист-жауынгерлердің медальдары мен марапаттарынан, жеке заттарынана тұратын экспозиция жалғастырды. Сондай-ақ соғысының атрибутикасы: қару-жарақ (пулеметтердің макеттері, сапер күрегі, патрон лентасы, су құятын құты, противогаз ,т.б), киім (жауынгер гимнастеркасы, танкист бас киімі, пилотка, офицер кепкасы, т,б), және Ауған соғысының жауынгері манекені экспозицияны аяқтаушы ретінде көрермен назарына ұсынылды. Көрме бойынша тақырыптық эксурсия жүргізілді.