Аудандық Мәдениет Үйінің фойесінде 8 Наурыз мейрамына орай көпбалалы аналарға арналған көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде ауылдық округтар бойынша 10 және одан да көп бала туып тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері туралы мәлімет берілді. Көрме бойынша экскурсия жүргізілді.