2018 жылы 12 маусымда Тұңғыш Елбасымыздың Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі

«Домбыра күні » болып жарияланды, осыған орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс шараға Аудандық тарихи-өлкетану музейі «Домбыра –қазағымның қазынасы» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің негізгі мазмұны қазақ жеріндегі домбыра түрлері және ақын,жырау,күйші,әншілердің домбыраларының, сонымен қатар ақын, күйшілердің фото суреттері қойылды.