Ақпан айының 28-жұлдызында Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Мың алғыс саған, қазақ елі!» атты әдеби-сазды бағдарлама ұйымдастырылып, өтті. Фойеде Аудандық тарихи-өлкетану музейі келген қонақтарға көрме дайындады. Көрмеде Қазақстан халықтары ассамблеясы туралы ақпарат, депортацияға ұшыраған халықтар туралы фото сурет және славян халықтарының тұрмыста қолданған заттарымен кесте қол өнері қойылды.