Ақпан айының 12-жұлдызында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай. Мәдениет үйінде «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты іс-шара өтті.  Фойеде аудандық тарихи- өлкетану музейі ауған жауынгерлеріне арнап көрме ұйымдастырды. Көрмеде ауған жауынгерлері туралы ақпарат пен фото суреттер және С.Елгезеков пен А.Жұматаевтың жеке заттары қойылды.