Жыл сайын 20-шы қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Дүниежүзілік балалар күнін 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялады.1959 жылдың 20-шы қарашасында Бас Ассамблея Бала құқығы декларациясын, ал 1989 жылы – Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады.Осындай мерекеге орай Бұқар жырау тарихи – өлкетану музейі «Бала құқығы – асыл қасына» атты Coworking орталығында Ю.Гагарин ОМ-нің 5 сынып оқушыларымен іс – шара өткізді. Шарада балаларға танымдық ойындар ұйымдастырылып, ойнатылды. Сонымен қатар, балалар құммен сурет салуда белсене қатысты. Құммен сурет салу - бұл бала үшін ермек ойын ғана емес, сонымен қатар сезімтал сезімдерді, қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеуді, бейнелі және кеңістіктік ойлауды, баланың шығармашылық қабілетін дамыту процесі болып табылады.