Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Мен Ботақара тұрғынымын»атты жобасы аясында ауданымыздың тұрғыны, ауданымыздың құрметті азаматы Қанағат Жұмашұлымен кездесу кеші өтті. Кеш аясында С.Торайғыров мектебінің оқушылары қатысып Қанағат Жұмашұлымен салиқалы сұхбат өткізілді. Сонымен қатар «Мен Ботақара тұрғынымын» атты Қанағат Жұмашұлына арналған фото көрме қойылды.