07.11-09.11 аралығында Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей қорын насихаттау мақсатында «Экспонаттар шеруі» өтті, көрмелерге КСРО кезіндегі музыкалық пластинкалар, музыкалық аспаптар таныстырылды, музыкалық аппаратура, мультфильм кейіпкерлері, қалалар, жабайы және үй жануарлары бейнеленген төс белгілері: сонымен қатар фотоаппараттар қойылып экскурсия өткізілді.
Фотосурет пен фотоаппаратураның тарихы бойынша «Бір сәт аялдама» тақырыбында музей сабағы өтті.
Шара жалпы білім беретін Ю.Гагарин мектебінің 7 және 9 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.